Гастроэнтеролог, терапевт Вера Самсонова жастықты сақтау үшін қызанақ, көкжидек және қарбызды жиі жеу керегін айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru сайты.
Самсонованың айтуынша, тағамда жас келген сайын ағзадағы өзгерістермен күресуге көмектесетін бірқатар компонент бар. Бұлар антиоксиданттық қосылыстар, ферменттердің бөлігі болатын микроэлементтер, жасушалық зақымдануды қалпына келтіруді ынталандыратын май қышқылдары. Қартаюға қарсы тамақтанудың негізгі компоненттері - ликопен, антоцианиндер, селен, кремний, С, А, Е және В7 дәрумендері, сондай-ақ омега тобындағы қанықпаған қышқылдар.
"Қазір базарлар мен дүкен сөрелерінде жаңа піскен маусымдық жемістер көп, осындайда өзіңіз үшін ең пайдалы қартаюға қарсы өнімдерді таңдай аласыз. Олар өте қолжетімді, қымбат емес, сондықтан оларды диетаңызға қосыңыз", - дейді дәрігер.
Маманның айтуынша, мұндай өнімдерге қарбыз, қызанақ, көкжидек, қызылша жатады. Бұл көкөністер С витаминінің, антоцианиндердің, антиоксиданттардың көзі.
"Қарбыз бүйректің жұмысын жақсартып, организмнен аралық зат алмасу өнімдерін шығаруға көмектеседі", - дейді гастроэнтеролог.
Дәрігер, сонымен қатар, диетаны жануар, құс етімен, жабайы балықпен, тұтас дәнді нанмен және бұршақпен әртараптандыруға кеңес береді.
"Қартаюмен күресу үшін антиоксидантты жасыл және шөп шайлары, өсімдік майлары, алма, сарымсақ және жасыл пияз, шөптер мен авокадо, теңіз балдырлары (ламинария), теңіз өнімдері тамаша көмекші бола алады", - деп қорытындылады Самсонова.