- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер өкпені қалай...
Дәрігер өкпені қалай тазартуға болатынын айтты
Үлкен қалада тұратын адамдар лас ауамен тыныс алуға мәжбүр. Көпшілік коронавирус пандемиясынан кейін өкпе саулығына аса мән беру керегін түсінді. Тыныс алу жүйесін қалай қорғау керек? Өкпені қалай тазартуға болады? Токсиколог Михаил Кутушов Doctorpiter порталына бірнеше пайдалы кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, өкпе жүйесі бойымен ауа өту процесінде жаңылыс болса, бұл нашар хал-жағдайдың себебі бола алады және ол ауыр метаболизмдік өзгерістерге әкелуі мүмкін.
"Түрлі аурулардан асқынулар мен тоқырау болмас үшін өкпені тазарту керек", - дейді дәрігер.
Үйде өкпені қалай тазартамыз?
- Тыныс алу гимнастикасын жасаңыз. Терең тыныс алып, шығарыңыз: бұл өкпедегі ауа айналамын жақсартады;
- Мұрын қуыстарымен кезектесіп тыныс алыңыз. Бұл өкпені ашатын және күйзеліске қарсы жақсы жаттығу. Бұл жаттығуды күніне ең болмағанда 15 минут жасаңыз;
- Шайқурай, сәлбен, жолжелкен негізінде дайындалған шөптік шайлар ішуді әдетке айналдырыңыз;
- Рационыңызға антиоксиданттары көп өнімдер қосыңыз. Жемістер, көкөністер, жаңғақтар жиі жеңіз және көк шай ішіңіз;
- Қақырықты сұйылту үшін ингаляция жасаңыз;
- Қабынуға және микробтарға қарсы қасиеттері бар эфир майларын қолданыңыз. Мысалы: эвкалипт немесе шай ағашы.
Сондай-ақ таза ауасы бар жерде жиі серуендеңіз, темекі тартатын адамдардың жанында тұрмаңыз және үйдің ішін жиі желдетіңіз.
Көк шай қара шайға қарағанда шынымен де пайдалырақ па?
А. Жапатова