- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер мұрын қанауын...
Дәрігер мұрын қанауын қалай дұрыс тоқтату керегін айтты
Терапевт Игорь Видяскин мұрын қанауын кеңсірікке және мойынның артқы жағына суық компресс басу арқылы тоқтатуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі News.ru-ге сілтеме жасап.
Терапевт Игорь Видяскиннің айтуынша, мұрын қанауын тоқтатуға суық компресс көмектеседі. Маман бұл мақсатта суық суға малынған дәке немесе матаға оралған мұзды қолдануға болатынын айтты.
"Мұрынның қанауын тоқтату үшін суық суға малынған дәке немесе матаға оралған мұзды кеңсірік тұсына және мойынның артқы жағына қойыңыз. Суық қан тамырларды тарылтуға және қан ағу қарқындылығын азайтуға көмектеседі. Немесе тіке отырыңыз және басыңызды сәл алға еңкейтіңіз. Қанның тамаққа кетіп қалуын, жүрек айнуды және құсуды алдын алу үшін шалқасынан жатпаңыз. Ауызбен демалыңыз", - дейді дәрігер.
Дәрігер сұқ саусақпен және бас бармақпен мұрынның жұмсақ тінін қысып, сол қалыпта 5-10 минут ұстап тұруға кеңес берді. Бұл әдіс қанды тоқтатуға көмектеседі.
"Балама әдіс ретінде мұрын қуысына 3%-дық сутек тотығына малынған мақта тығын салуға болады. Мұрныңыз қайта қанамас үшін бірнеше сағат мұрынды тазаламаңыз және ыстық сусындар ішпеңіз", - деді Игорь Видяскин.
Дәрігердің айтуынша, егер мұрынның қанауы 20 минуттан аса уақыт тоқтамаса немесе одан сайын қарқынды бола түссе, жедел жәрдем шақыру керек. Сондай-ақ егер мұрын қанауы жиі мазаласа, дәрігерге көрініп себебін анықау керек.
Оқи отырыңыз: Мұрын қанауының 12 себебі
А. Жапатова