- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер мойын аймағындағы...
Дәрігер мойын аймағындағы ауырсынуды қалай басуға болатынын айтты
Мойын ауруының алдын алу үшін сағат сайын мойын мен арқаны ширатып шынықтыру қажет, бірақ жаттығу кезінде басты артқа қарай лақтыратын әрекеттер омыртқа үшін қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы дәрігер Римма Данилова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru" сілтеме жасап.
"Кез келген жаттығуды кішкене теңселуден бастау керек. Баяу қозғалысқа артықшылық беріледі, бұл бұлшықеттің құрысып қаду қаупін азайтады, сәйкесінше ауырсынудың алдын алады. Басты артқа қарай лақтыру секілді шамаңыз келмейтін жаттығуларды орындамаған жөн, әйтпесе омыртқа тұрақсыздығы пайда болуы мүмкін", - деп түсіндірді маман.
Омыртқаның тұрақсыздығы - омыртқаның белгілі бір аймағындағы омыртқалардың шамадан тыс қозғалғыштығы, салдарынан нервтер тітіркеніп, мойын омыртқасы ауырады. Тұрақсыздық пайда болған кезде мойын бұлшықеттерінің тонусы да артады, сөйтіп артық күш салынып, жылдам шаршайды.
Маманның айтуынша, мұндай жағдайда, мойын-кеуде омыртқасына арналған жаттығу көмектеседі. Бұл жаттығуды жасау үшін есік, қабырға немесе бөлменің бұрышында тұрып, кеуде бұлшықетін созып, керіледі.
"Сондай-ақ, кеуде аймағындағы омыртқа бойындағы кеуде бұлшықеттері арқылы арнайы допты немесе жұдырықшаны айналдыруға болады. Немесе арқамызды қабырғаға тіреп, допты домалатамыз. Мұндай әдістерді әр жағынан 3-5 минут ішінде күніне 2-3 рет жасауға болады. Бұл тоқырау құбылыстары қаупін азайтады, ал жаттығуды аптасына бірнеше рет 20-30 минуттан жасаса, тірек-қимыл аппаратының өзгеруінің алдын алуға көмектеседі", - деді маман.
Бұдан бөлек, денені бүйірге бұру, қолды көтеру, басыңызды солдан оңға қарай бұру жаттығулары да көмектеседі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә