Микротолқынды пеште тамақ жылытатын кезде өндірушінің барлық ұсынысы ескерілсе, тағамның құрамы уланбайды. Бұл туралы диетолог Наталья Лазуренко айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Pravda.Ru" сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, жылыту уақыты немесе қыздыру түрі дұрыс таңдалмай, тұрмыстық техника дұрыс пайдаланылмаса, тағам құрамы бұзылады.
Сонымен қатар, дәрігер тағамды микротолқынды пеште қыздыру оның тағамдық құндылығын төмендетіп, адам денсаулығына зиян келтіретін бірқатар химиялық реакция тудыруы мүмкін екенін айтты.
"Тағам құрамындағы суда еритін С немесе В дәрумені жойылуы мүмкін. Тағамның құрамындағы адам ағзасы үшін өте маңызды кейбір микроэлементтер өнім микротолқынды пеште қыздырылғанда, белсенділігін төмендетеді", - деді ол.
Диетолог микротолқынды пешті пайдалану жиілігі де маңызды рөл атқаратынын ескертті, сондықтан тұрмыстық техника неғұрлым аз пайдаланылса, оның зияны соғұрлым аз болады. Тағамды кәстрөл немесе су құйылған табада қыздырған дұрыс.
Айта кетейік, бұған дейін микротолқынды пешке қыздыруға болмайтын 5 өнім хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 10 күні туған адамдар қандай болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!