Ақуызға бай тағамдарды тұтыну арқылы метаболизм жылдамдығын арттыруға және салмақ тастау процесін жеңілдетуге болады. Бұл туралы диетолог Марина Копытко айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "vm.ru" сілтеме жасап.
Ақуыз өнімдері (жұмыртқа, ет, бұршақ дақылдары), су, В дәрумендері (кебек, дәнді дақылдар, пісте), дәмдеуіштер (кориандр, даршын, паприка, бұрыш) метаболизм жылдамдығын арттыруға көмектеседі. Алайда, бұл үшін тамақтанып қана қоймай, тұрмысқа физикалық белсенділікті де қосу керек. Тұрақты түрде жаттығулар немесе күніне 10-12 мың қадам жасаған жөн.
Дәрігер асқазан-ішек аурулары бар адамдарға дәмдеуіштерді тұтыну кезіне өте мұқият болу керегін еске салды, өйткені олар гастрит, ойық жара, өт тас ауруының өршуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Сондай-ақ, диета кезінде нан жеуге болады.
Алайда, оның орнына дәнді дақылдарды таңдаған дұрыс, өйткені ол ұзақ уақыт тоқ жүріп, салмақ тастауға ықпал етеді. Ал ақ нанды азырақ жеуге тырысқан жөн немесе мүлдем алып тастау керек.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ мемлекетiне екi ғасыр бойы тыныштық бермеген кімдер?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!