- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер қыста иммунитетті...
Дәрігер қыста иммунитетті сақтау үшін не істеу керегін айтты
Вирустар мен төмен температуралар ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін, сондықтан қыста иммунитетке көмектесу керек. Бұл жайлы эндокринолог Ангелина Водолазкая айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газетой.ru"-ге сілтеме жасап.
"Жеткілікті ультракүлгін мөлшері түспегендіктен, теріде D3 дәруменінің белсенді түрі өңделмей қояды. Ал бұл дәрумен қалыпты салмақты сақтауға көмектесіп, май алмасуды реттейді және тері, тырнақ, шаш саулығын қамтамасыз етеді", - дейді эндокринолог.
Дәрігердің айтуынша, суық мерзімде көбірек асжапырақ (шпинат) жеу керек. Себебі оның құрамында иммунды жүйені қатайтуға көмектесетін С дәрумені, бета-каротин және антиоксиданттар бар.
Сондай-ақ маман көбірек сарымсақ жеуге кеңес берді. Ол бұл өнім вирустар мен бактерияларға қарсы қасиетке ие екенін және ол тұмаумен ауыру қаупін азайтатынын айтты.
Ангелина Водолазкая рационға зімбір қосуға болатынын айтты. Ол оны шайға немесе тамақтарға қосуды ұсынды. Зімбір холестерин деңгейін түсіруге көмектеседі және ол миға пайдалы.
Дәрігер түрлі және үйлесімді тамақтанудың маңызды екенін ескертті. Сол кезде адам қыста денсаулықты сақтауға қажетті барлық қоректік затты ала алады.
Оқи отырыңыз: Тұмау кезінде не істеуге болмайды?
А. Жапатова