Қыстың суығында иммунитетті көтеріп, нығайтатын сусындар бар. Бұл туралы гастроэнтеролог Дарья Утюмова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "RT-ға" сілтеме жасап.
Қыста ішу керек пайдалы сусындардың тізіміне даршын, қалампыр және хош иісті қара бұрыш қосылған шай кіреді. Маманның айтуынша, мұндай дәмдеуіштер жиынтығы шайға қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиет береді.
Қыста жылытатын және пайдалы тағы бір сусын бал мен даршын қосылған ыстық шоколад.
"Ыстық шоколадтың құрамына антиоксидант, темір, фосфор бар какао бұршақтары кіреді, соның арқасында сусын инфекцияға қарсы қасиетке ие, ми қызметін белсендіреді және көңіл-күйді жақсартады", - деп түсіндірді Дарья Утюмова.
Сонымен қатар, гастроэнтеролог даршын, қалампыр және ерең қосылған алмұрт шырыны негізінде алкогольсіз глинтвейн дайындап ішуге кеңес берді. Мұндай сусын В7, С, А дәрумендеріне, сондай-ақ фосфор, калий және кальцийге бай.
Бұдан бөлек, дәрігер алкоголь адам денесін суықта жылытады деген аңыз әңгімені жоққа шығарды. Оның айтуынша, алкоголь қан тамырларын кеңейтіп, дене жылы температураны тез жоғалтады. Аязда алкоголь ішу тіпті қауіпті салдарға әкеп соқтыруы мүмкін.
Негізінен алкоголь мен оның негізінде жасалған сусындар ағза үшін улы өнім. Алкоголь ұйқы безінің жасушаларын жояды, ал алкогольды майлы тағаммен бірге тұтынған кезде адамда панкреатит немесе қант диабеті дамуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін жалпы иммунитетке пайдалы 5 сусын туралы хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сақтар қай жерлерді мекендеген?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!