Диетолог Юлия Чехонина қыс мезгілінде қанның құрамын жақсартатын өнімді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life Lenta-ға сілтеме жасап.
Маман қыста адамдар сыртта аз жүретінін, сәйкесінше таза ауада көп жүрмейтіндігін айтты. Сол себепті ұйқышылдық, әлсіздік, тежелу пайда болуы ықтимал. Дәрігер мұндай жағдайда тауықтың жүрегінде болатын В12 дәрумені адам денсаулығын жақсартады дейді.
"В12 барлық мүшелерге оттегін тасымалдайтын қызыл қан жасушаларын қалыптастыру үшін қажет. Сонымен қатар, бұл витамин сүйектерді нығайтады", - деп түсіндірді дәрігер.
Сонымен қатар, Чехонина подагра ауруы бар адамдарға ішімдік ішуден сақтандырды. Тауықтың жүрегінде аурудың негізгі себебі болып табылатын зәр қышқылының деңгейін жоғарылататын органикалық заттар бар.
"Бүйрек тас ауруы (урат нефролитиазы) және атеросклерозға шалдыққан адамдарға тауық жүрегінен жасалған тағамдар ұсынылмайды, өйткені құрамында қаныққан майлар бар", - дейді диетолог.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!