- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер қымыздың денсаулыққа...
Дәрігер қымыздың денсаулыққа 12 пайдасын атады
Фото:
pixabay.com
Дәрігер және блогер Нұғман Әбілхайыров өзінің инстаграм парақшасында қымыздың адам денсаулығына 12 пайдасын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрақты түрде қымыз ішкен адамның иммунитеті артады. Бұл өнімде В, А, Е дәрумендері, әсіресе С дәрумені өте көп. Олар адамның иммундық жүйесі мен денсаулығын нығайтып, күшейтеді.
Қымыздың басқа мынадай пайдалы қасиеттері бар:
- Иммунитетті көтереді;
- Тісті және сүйектерді қатайтады;
- Қанайналымды жақсартады;
- Жүйке жүйесін нығайтады;
- Арықтауға көмектеседі;
- Еркектік қауқарды күшейтеді;
- Несеп-айдағыш қасиетке ие;
- Гастритті емдейді;
- Тері жағдайын жақсартады;
- Көңіл күйді көтереді;
- Туберкулезді емдейді;
- Қатерлі ісіктің алдын алады.
Біле жүріңіз: Қымыз ішіп, көлік айдаса жүргізуші куәлігінен айырыла ма?
А. Жапатова