- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер қуыруға арналған...
Дәрігер қуыруға арналған ең қауіпсіз өсімдік майын атады
Фото:
Иллюстрация: pixabay
Медицина ғылымдарының кандидаты Ирина Юзуп тағамды дайындауда кокос жаңғағының майы мен зәйтүн майы пайдалы екенін айтты, - деп хабарлайды Moslenta басылымы.
Маман тамақты қуырып дайындағанда бірнеше ережелерді сақтау міндетті екенін ескертті.
Ең алдымен, майды бірнеше мәрте қыздырмау керек екен. Өйткені бұл майдың пайдалы қасиеттерін жоғалтауына әкеледі.
Сондай-ақ маман қуыруға арналған майды таңдағанда, түтін нүктесі деп аталатын нәрсеге назар аударуға кеңес берді. Бұл өнімнің қатты жанып, у шығаратын температураға жетпеуіне көмектеседі.
Г. Досымшалова"Қалған тазартылмаған майларды қыздырмай пайдалану керек. Мысалы, салаттарға зығыр немесе кендір майын, ал дайын жармаға асқабақ немесе қарағай майын қосыңыз", - деп кеңес берді Юзуп.