- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер құрттаған тіс...
Дәрігер құрттаған тіс өлімге әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтты
Құрттаған тіс асқынып кеткен жағдайда науқас өліп кетуі де мүмкін. Бұл туралы тіс дәрігері Владимир Лосев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NEWS.ru сілтеме жасап.
Оның айтуынша, құрттаған тіс асқынса, қабыну алдымен тістің ішінен басталады (пульпит), содан кейін оның шегінен шығып, киста, фистула және қызыл иек қалталары пайда болатын тісжегі тіндеріне (периодонтит) енеді. Ал кейін остеомиелит - сүйек тінінің іші қабынуы мүмкін, бұл аурудың салдары өте ауыр. Тіпті кейде абсцесс пен флегмон пайда болуы ықтимал.
"Бұл бас пен мойындағы жұмсақ тіндердің қабынуының ауыр процестері, бұл аурулардан тері жыртылып кетуі де мүмкін. Кейбір жағдайларда өлімге әкеп соқтырады", - деп түсіндірді дәрігер.
Бұған дейін дәрігер тістің құрттауы мен асқазан ауруларының арасында байланыс болуы мүмкін екенін анықтаған. Дәрігер сөзінше, құрттаған тіс тамақты толығымен шайнап, ұнтақтай алмайтын болғандықтан, оның зарбадын асқазан мен ішек шегеді, яғни ағза мүшелері артық жұмыс істейді, салдарынан гастрит, ойық жара пайда болып, адам артық салмақ қосуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін ауыздағы жағымсыз иісті қалай жоюға болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сырымның «Бала би» атану себебі неде?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә