- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер күріштің зияны...
Дәрігер күріштің зияны туралы айтты
Диетолог Ковальков күріште зиянды крахмал көп екенін, оны шамадан тыс тұтыну денсаулыққа байланысты проблемалар тудыратынын айтады, - деп хабарлайды gazeta.ru.
Дәрігердің айтуынша, бұл өнімде глюкозаға айналатын крахмал көп. Бұл қандағы қанттың жоғарылауына әкеледі.
"Ұйқы безі инсулиннің үлкен мөлшерін бөледі, сондықтан ерте ме, кеш пе инсулинге төзімділік, яғни предиабет пайда болады", - деп ескертті Ковальков.
Дәрігер күрішті шамадан тыс пайдалану 2 типті қант диабетіне тудыруы мүмкін екенін ескертті. Ол күрішті екі аптада бір мәрте жеуге кеңес берді. Буға пісірілген күріш пен палауға арналған қатты күріштің гликемиялық индексі төмен, бұл өнімді денсаулыққа қауіпсіз етеді, дейді дәрігер.
"Күріш жер алдында қарапайым қандағы инсулин сынамасын жасаңыз. Егер аш қарынға инсулин деңгейі қалыптыдан екі есе жоғары болса, сіз диабетке дейінгі кезеңдесіз. Егер инсулин деңгейі қалыпты болса, қорқатын ештеңе жоқ, күрішті жеуге болады", - деп қорытындылады дәрігер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова