Ыстық күндері күн тимес үшін күн тәртібін дұрыс жоспарлау және су режимін сақтау маңызды. Терапевт Никита Харлов "Pravda.Ru"-ге күн тиюдің алғашқы белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күн тиюдің алдын алу үшін ең алдымен ағзаның сусыздануын болдырмау қажет. Сондықтан ыстықта жоғары физикалық жүктемелерден, белсенді спорт түрлерінен аулақ болу керек және суды көп ішу қажет.
Терапевт Никита Харловтың айтуынша, күн тиюдің алғашқы белгілеріне құсқысы келу, әлсіздік, кеңістікте бағдарлай алмау, тепе-теңдікті жоғалту және бас айналу жатады.
"Егер мұндай адамды көрсеңіз және онымен не болғанын түсінбей тұрсаңыз, біреу жатып қалып, тұра алмаса, аяғы шалынып құлап қалса, алғашқы көмек көрсетіңіз. Сіз бұл күн тию ме білмейсіз. Сондықтан қандай жағдай болмасын адамды бір қырымен жатқызыңыз. Себебі адам құсуы, оны кейін жұтып қоюы немесе оған қақалып қалуы мүмкін", - дейді ол.
Содан соң міндетті түрде жедел жәрдем шақырып, зақымдалушының жүрек соғысын бақылау керек.
Оқи отырыңыз: Адам қақалып қалса, оған қалай көмектесе аласыз?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!