Дәрігер құлпынайды дұрыс жуудың жолын айтты

Гастроэнтеролог Александр Приказчиков құлпынайды дұрыс жумаса, асқазан-ішек жолында жайсыздық пайда болып, іш өтуі мүмкін екенін айтты. Ол жидекті тазалаудың қарапайым тәсілін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Дәрігердің сөзінше, кейінгі уақытта жеміс-жидек пен көкөністі тазалауға арналған түрлі құрал көбейген. Өндірушілер олар өнімдегі паразит пен құрттарды жоятынын айтады.

Алайда маман зертханалық тексерісте құлпынайдан гельминт сирек анықталатынын айтты. Оның сөзінше, санитария қызметтерінің ұсынысы бойынша құлпынайды ағын сумен мұқият жуу жеткілікті.

Александр Приказчиковтың айтуынша, осы қарапайым ережені сақтау асқазан-ішек жолындағы мәселелердің алдын алуға көмектеседі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз