Офтальмолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Татьяна Шилова көз түсінің қандай да бір аурулармен байланысы туралы айтты, - деп хабарлайды URA.
Маманның сөзінше, көзі қоңыр адамдарда глаукома болуы мүмкін. Сонымен қатар, солтүстік ендіктердегі адамдарда көздің нұрлы қабаты әдетте жеңілірек болады, сондықтан олардың көзі қатты қорғалмаған. Ал бұл меланоманың, яғни қатерлі ісіктің дамуына әсер етеді.
Сондай-ақ меланин, маманның сөзінше, гетерохромияның өршуіне ықпал етеді: көздің нұрлы қабаты әртүрлі болған жағдайда көздің бояуы өзгереді. Бірақ мұндай ерекшелік қандай да бір аурудың пайда болуы мүмкін екенін көрсететін белгі болып саналады.
"Гетерохромия туғаннан болуы және түрлі комбинациясы болуы мүмкін. Көз толық емес, бір сегменті, бір жері ғана боялып тұруы ықтимал. Жүре келе пайда болған гетерохимия қандай да бір препараттан кейінгі реакция, қандай да бір аурудың пайда болуы мүмкін екенін көрсететін белгі болуы мүмкін. Мұндай белгілерді байқаған жағдайда тексерістен өту керек", - дейді Татьяна Шилова.