Дәрігер басқаларға ыңғайсыздық тудыратын қатты қорыл ұйықтаушының өзіне қауіпті ауру тудыруы мүмкін екенін, қорылдың қандай түрін емдеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, тыныс алу жолдары тұрақсыз, жоғарғы тыныс жолдарындағы ауа ағынының бұзылуынан адам қорылдайды.
Медицина ғылымдарының кандидаты, пульмонолог, сомнолог Алексей Пак қай қорыл қауіпті екенін айтты.
"Қорылдың екі түрі бар. Тыныс алудың тоқтап қалуымен бірге жүретін қатты қорыл ең зияны. Бұл әртүрлі аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Біріншіден, ол артериялық гипертензияның, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабеті, семіздіктің дамуын, өмірге қауіп төндіретін инсульт, инфарктты тудыруы мүмкін", - деді дәрігер.
Сонымен қатар, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың сомнологы қатты қорылдайтындар ұйқышыл және шаршаңқы, жұмысқа деген мотивациясы төмен болатынын айтады.
"Адам бөтен адамға айналады. Бұл адамдар жұмыста жиі жарақат алып, рульде ұйықтап қалып, жазатайым оқиғаларға ұшырайды. Тек АҚШ штаттарының бірінде қатты қорылмен емделетін науқастардың 200 мыңнан астамы жол апатын тіркеген", - деп қосты ол.
Дәрігердің айтуынша, ересектердің 10 пайызы қатты қорылдан зардап шегеді.
Қорылды қалай емдеуге болады
Емдеу тәсілдері аурудың ауырлығына байланысты.
Дәрігер егер адамда артық салмақ, созылмалы ауру болса, артық салмақты тастап, созылмалы ауруларын емдегенде ғана қатты қорылды емдеп бастау керектігін айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!