Диетолог, эндокринолог Евгений Арзамасцев Ura.ru басылымына берген сұхбатында көп мөлшерде су ішу салдарынан адамда қандай проблемалар туындауы мүмкін екенін айтты. Ол бұл жағдайда дәрумен тапшылығы және жүрек қағысына қатысты проблема болуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Lenta.ru.
"Адам спортпен шұғылданбаса, тұрақты жылу жағдайында өмір сүрмесе және күніне 4-5 литрден артық су ішсе, бұл барлық минерал нәрсенің ағзадан тез шығарылуына әкеп соғады. Минералдар болмаса, адамда күрделі проблемалар туындайды. Біріншіден, жүрек қағысы бұзылуы мүмкін, өйткені натрий жасушалардан өте көп мөлшерде шығарылады", - деді маман.
Оның пікірінше, бұдан кейін дәрумен тапшылығы байқалады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!