Жүрек саулығын сақтау үшін рационға қандай өнімдер қосу керек? Бұл жайлы дәрігер Комаровский өзінің Youtube-каналында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер рационға мына өнімдерді қосуды ұсынды:
Бүтін жемістер (күніне 2-3 жеміс). Дәруменді шырындардан гөрі бүтін алма, алмұрт, апельсин және т.б жемістерді таңдаған жөн. Осылайша, сіз дәрумендер мен микроэлементтердің барлық қорын аласыз.
Көкөністер (күніне 2-3 порция). Көкөністерді әр тамақтанған кезде жеу керек. Олар тәрелкенің жартысын алып тұруы керек. Көкөністердегі жасұнық ағзаның барлық жүйесіне, соның ішінде жүрек-қан тамырлар жүйесіне жағымды әсер етеді.
Бұршақтылар (аптасына 3-4 рет). Үрмебұршақ, бұршақ, жасымық, нұт – кез келген тамаққа арналған жақсы қосымша. Жержаңғақ та бұршақтыларға жатады, бірақ ода тұз көп болғандықтан, оны көп мөлшерде жеуге болмайды.
Жаңғақтар (күніне 1 порция). Оларды тіскебасар ретінде жеуге болады. Жаңғақтарды өз рационыңызға күнде қосқан дұрыс.
Балық. Балықты көпшілік аз жейді. Алайда ол өте пайдалы. Рационға аптасына 3-4 рет балықтың майлы түрлерін қосыңыз.
Сүтті өнімдер. Денсаулық үшін оның күніне екі порциясы жеткілікті.
Егер сізден қандай да бір жүрек немесе қан тамырлар ауруын анықтаған болса, бұл өнімдерді рационға міндетті түрде қосу керек. Егер сау болсаңыз, тамақтану әдеттеріңізге қайта қарап, осы өнімдерді қосуға тырысыңыз. Себебі олар жүрек-қан тамырлар ауруының даму қаупін азайтады.
Оқи отырыңыз: Адамда жасырын жүрек ұстамасы бар екенін көрсететін 5 белгі