Дәрігер кофені ішуге ең қолайлы уақытты атады

Дәрігер кофені ішуге ең қолайлы уақытты атады
Фото: depositphotos.com

Кофені ұйқыдан түрғаннан кейін бір-екі сағаттан соң ішкен дұрыс. Бұл туралы сомнолог-дәрігер, эндокринолог Дарья Лебедева "Газета.Ru" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Үш түрлі адам бар: бірі кофе ішкеннен кейін өзін сергек сезінеді, екіншісі - дірілдеп, жүрек қағысының жиілеуін байқауы мүмкін, ал үшіншісі - кофе ішкен соң ұйықтағысы келеді. Бұл - кофеин метаболизмінің жылдамдығына байланысты генетикалық ерекшеліктерімізге байланысты: біреуде ол екі сағатта қорытылса, екіншісінде - 12 сағатқа дейін созылады. Сондықтан кофеге қатысты әмбебап кеңестер жоқ. Дегенмен базалық ережелер бар. Мысалы, оянғаннан кейін бір-екі сағат өткен соң, кофе ішуге ең қолайлы уақыт саналады. Бұл уақытта ағзадағы кортизол деңгейі төмендей бастайды. Ал егер дұрыс ұйықтай алмасаңыз, сағат 14:00-тен кейін кофе ішпеген дұрыс. Тіпті түстен кейін ішілген бір кесе кофе де ұйықтау фазасын байқалмаса да, шегеруі мүмкін", - деп түсіндірді дәрігер.

Сондай-ақ, дәрігер созылмалы ұйқысыздық пен мазасыздық кезінде кофеден мүлде бас тартуға кеңес береді. Мұндай жағдайда маманға жүгінген жөн.

"Кофе - егер оны саналы түрде ішсеңіз, зиянды емес. Ол зейінді арттырып, көңіл күй мен физикалық төзімділікті жақсарта алады. Мәселе - кофенің өзінде емес, оны бақылаусыз тұтынуда. Күніне 5-6 кесе ішетін болсаңыз, ол мазасыздық, ұйқысыздық және бас ауруының себебіне айналады. Ал егер кофе ағзаның қажығанын жасыратын "таяқшаға" айналса, онда тұтыну мөлшерін азайтыңыз. Созылмалы шаршауды елемей, керісінше, ұйқыңызды қалпына келтіріңіз", - деп түйіндеді дәрігер.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget