Дәрігер кімдерге шарап ішуге болатынын айтты

Дәрігер кімдерге шарап ішуге болатынын айтты
Фото: pixabay

Ащщы судың адам ағзасына зияны болмаса, келтірер пайдасын естіген жан жоқ шығар. Ел арасында "арақ ішсең қан айналымың жақсарады" деген қауесетте жоқ емес. Алайда дәрігерлер шын мәнінде қандай аурумен ауыратын адамдарға шарап ішуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ге сілтеме жасап.

 "Жақсы құрғақ қызыл шарап қан тамырларының жағдайын жақсартады деген пікір бар. Ғалымдар тіпті адам өзінің салмағына сай қанша грамм шарап ішуіңіз керектігін зерттеді. Бірақ кардиологтардың көпшілігі жағымсыз әсерлер оң әсерлерден басым болады деп санайды", - дейді Яна Витальевна.

Десекте алғашқы сағаттарда алкоголь қан тамырларын кеңейтеді, қанның микроциркуляциясын жақсартады. Бірақ содан кейін күрт кері әсерін тигізе бастайды. Сондықтан кардиологтардың айтуынша,  жақсы құрғақ қызыл шарап жүрек пен қан тамырларына оң әсер етпейтін көрінеді. Алайда  жүрегі ауыратын адамдардың шарап ішуіне тыйым салуға болмайды. Бұл олардың психикасына зиянын тигізуі мүмкін екен. Ескеретін жайт арап қандай да бір химиялық ерітінді емес, табиғи қоспалардан жасалған болуы шарт. 

Тағы оқыңыз: Осы 6 белгіден кейін алкоголь ішуді дереу доғарыңыз

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов