Жоғары санатты дәрігер Сергей Длин қант диабеті мен асқорыту жүйесі ауруларына шалдыққандар мандарин жеуден бас тартуы керектігін айтты, - деп хабарлайды gazeta.ru.
Дәрігердің айтуынша, мандарин асқорыту жүйесі ауруларына шалдыққандар үшін аса қауіпті болуы мүмкіні, өйткені бұл жеміс қышқылдықты арттырып, ішек пен асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді.
"Асқорыту жүйесі аурулары: гастрит, колит, асқазан жарасы, сондай-ақ ұйқы безі мен өт қабында проблемалары бар адамдарға қышқыл жемістер ұсынылмайды", - дейді дәрігер.
Длин бұл жеміс түрін қант диабетімен ауыратын адамдар да жеуге болмайтынын айтады. Себебі, мандарин қандағы қант деңгейін жоғарылатады екен.
Сондай-ақ, бүйрегі ауыратын адамдар да мандариндерді абайлап жеу керек екен, оның құрамында бүйрек тастарының қозғалысын тудыратын қышқылдар бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!