- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер кімдерге қауын...
Дәрігер кімдерге қауын жеуге болмайтынын айтты
Дәрігер-терапевт, интегративті anti-age-медицина саласының маманы Ованес Давидян қауын жеуге болмайтын адамдардың санатын атады, - деп хабарлайды РБК басылымы.
Қауын құрамында маңызды заттар көп болғандықтан пайдалы өнімдер қатарына жатады. Ол кальций, калий, магний, В9, А, С дәрумендерінің және фолий қышқылының көзі.
"Қауын ағзадағы ауыр тұздарды кетіреді. Қауынның құрамында бар калий жүрек бұлшықетін нығайтады, денедегі артық сұйықтықты кетіріп, ісінуді азайтады. Кальций сүйектер мен тістерді нығайтуға көмектеседі, ал магний стресс секілді неврологиялық мәселелермен жұмыс істейді. Қауын құрамында кездесетін талшықтың әсерінен тағам ас қорыту жолынан тез өтіп, нәжісті жұмсартады. Осылай іш қатудан арылуға көмектеседі", - деді дәрігер.
Маман асқазан-ішек жолдарының ауруы, панкреатит, асқазан жарасы немесе гастриті бар адамдар қауыннан бас тартуы керегін ескертеді. Өйткені қауын шырыны асқазанды тітіркендіруі мүмкін.
"Сонымен қатар, қант диабетімен ауыратын науқастарға қауын жеуге мүлдем болмайды. Егер қауынды тамақтан кейін бірден жесе, онда ол асқазандағы тамақтың қалған бөлігімен бірге ашыту процесін жүргізіп, асқазанда қалып қояды. Бұл іш қуысында ауру тудырып, жүрек айну, метеоризм және кейбір жағдайларда құсуға алып келеді", - дейді Давидян.
Дәрігердің сөзінше, қауын негізгі тағамнан бөлек тұтынылатын өнім. Оны ауыр тағамға жатқызуға болады, ол асқазан мен асқазан-ішек жолында болған кезде, басқа тағамдар аз сіңеді және дұрыс қорытылмайды. Сондықтан бөлек жеген дұрыс.
"Қауынды аш қарынға және ұйықтар алдында жеуге болмайды, өйткені кешкі көмірсутекті қабылдау инсулиннің жоғарылауына және майдың пайда болуына әкелетіні белгілі. Қауынның калориясы төмен, сондықтан көптеген диетолог оны салмақ тастау үшін жеуге кеңес береді. Метаболизмі баяу адамдарға шамадан тыс тұтыну ұсынылмайды", - дейді маман.
Қауынды алкогольмен, балмен және сүт өнімдерімен біріктіруге болмайды. Сондай-ақ, терапевттің сөзінше, үш жасқа толмаған балаларға беру ұсынылмайды.
Г. Досымшалова