Дәрігер қияр мен қызанақтың пайдасын түсіндірді

Терапевті Анастасия Атюнина қыста балғын көкөніс жеудің денсаулыққа пайдасы бар-жоғын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru-ға" сілтеме жасап.

Әдетте жазда маусымдық көкөніс пен жемістерді көбірек жеуге кеңес беріледі, өйткені олар күн сәулесінің астында ашық жерде өседі және құрамында дәрумен мен микроэлемент көп болады.

Ал енді маусымынан тыс пісетін көкөніс пен жемістен мұндай пайда бола ма деген сұрақ туындайды.

Әрине, көкөніс пен жемістер құрамындағы дәрумен мен минералдарсыз өспейді. Мұндай пайдалы заттар адам үшін емес, өзінің жеке қажеттілігі, өмірлік жүйесін сақтау үшін керек.

Көкөніс пен жемістердің құрамында жылдың кез келген уақытында адам денсаулығы үшін маңызды әрі пайдалы талшық көп. Көкөніс маусымынан тыс піссе де талшық жойылмайды, сондықтан талшықтың ағзаға қажетті мөлшерін, 25-30 граммын алу үшін күніне 5 үлес көкөніс пен жеміс жеу керек.

Сонымен қатар, қырыққабат, сәбіз, қызылша секілді көкөністердің жарамдылық мерзімі ұзақ, ал алманың бірнеше сорты қыс бойы бұзылмай, сақталады. Сондықтан жыл мезгіліне қарамастан, әртүрлі көкөніс пен жемістерді тұтынуға тырысыңыз. Қажетті қоректік заттарды дәріге қарағанда табиғи өнімнен алған жақсырақ.

Айта кетейік, бұған дейін диетолог жоғары қан қысымын төмендетуге көмектесетін арзан көкөністі атаған болатын.

Майкл Мослидің айтуынша, құрамында талшық бар өнімнен тұратын ас мәзір артық салмақ тастап, тері және асқазан-ішек жолдарының жағдайын жақсартып, өзін сергек сезінуге көмектеседі. Бірақ барлық көкөністің кем дегенде біреуіне мұқият назар аударған жөн.

Бұл арзан және бір қарағанда өте қарапайым көкөніс қызылша.
 
Біріншіден, қызылша либидомен мәселесі бар адамдарға көмектеседі. Бұл жаңалықты ежелгі римдіктер жасаған!

"Бір қызығы, римдіктер қызылшаны афродизиак ретінде қолданған. Ісері қазіргі дәрімен бірдей. Әлеуетті жақсартып, либидоны көтеруге арналған дәрі-дәрмектер азот оксидінің бөлінуі мен қан тамырларының кеңеюін тудырады. Табиғи нитраттарға бай қызылша да тура осылай әсер етеді", - дейді Мосли.

Екіншіден, қызылша қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Өйткені қызылшаның құрамындағы элементтер қан тамырларының кеңеюіне ықпал етеді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Баланың тілі тез шығуы үшін не істеу керек?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!