Дәрігер кешке және түнде жеуге болатын тағамдарды атады

Дәрігер кешке және түнде жеуге болатын тағамдарды атады
Фото: depositphotos.com

Дәрігер Анна Косенкова кешке және түнде жеуге болатын тағамдарды атады. Маман бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген пікірінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әрине, түнде тамақ ішпеген дұрыс. Бірақ түнгі тіскебасар үшін ағзаға зияны азырақ тағамдар бар", – деді Косенкова.

Оның айтуынша, мұндай тағамдарға майсыз сүзбе, айран, піскен жұмыртқаның ақуызы, салмағы 30 грамнан аспайтын бір уыс жаңғақ немесе май қосылмаған жеңіл көкөніс салаты жатады.

Дәрігер кешке немесе түнде қарны ашқан адам денсаулығына зиян келтірмей, бір стақан сүтке бір қасық бал қосып ішуіне болатынын да айтты.

Сонымен қатар, Косенкова кейбір тағамдарды ұйықтар алдында жемеген жөн екенін ескертті. Дәрігердің сөзінше, кешке және түнде майлы әрі қуырылған тағамнан, ұннан жасалған өнімдерден, тәттілерден және ащы тамақтан бас тартқан дұрыс.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget