- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер кешкі астан...
Дәрігер кешкі астан бас тартудың салдарын ескертті
Кешкі астан толық бас тарту метаболизмнің баяулауына және денсаулықтың нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы эндокринолог, нутрициолог, диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Оксана Панова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Кешкі ас рационның маңызды құрамдас бөлігі саналады және басқа тағамдармен бірге метаболизмді бақылауға қатысады.
"Кешкі астан толық бас тарту уақыт өте келе метаболизмді бәсеңдетуі мүмкін, бұл сізге салмақ жоғалтуға ғана емес, сонымен қатар, артық салмақ қосып алу қаупін туыдарды", - деді дәрігер.
Сонымен қатар, диетолог ұйықтар алдында бірден тамақ жеуге болмайтынын ескертті. Ол ұйықтар алдында кем дегенде 3-4 сағат бұрын тамақтануды ұсынды.
Еске салайық, бұған дейін тамақтанғаннан кейін аз ғана уақыт серуендеу тағамның қорытылуын жеңілдететіні және ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартатыны хабарланды. Бұл туралы терапевт Никки Доран айтты. Маман пікірінше, асқазан-ішек жолын реттеудің мұндай қарапайым әдісін көбі білсе де, маңызды санай бермейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова