- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер қатерлі ісіктен...
Дәрігер қатерлі ісіктен қорғайтын сусынды атады
Мүкжидек сусыны адамды қатерлі ісіктен қорғайтын және жасартатын қасиеттерге ие, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Rg.ru-ге сілтеме жасап.
Диетолог Олег Кривченков мүкжидек суы қатерлі ісіктің бірнеше түрінің даму қаупін төмендететінін айтты. Олардың ішінде асқазан-ішек жолымен байланысты аурулар, сондай-ақ простата, глиобластома, лимфома аурулары бар.
Өз кезегінде дәрігер-реабилитолог Сергей Агапкин мүкжидекте биологиялық белсенді заттардың көп мөлшері бар екенін атап өтті. Және олардың әсер ету механизмдері әртүрлі. Мысалы, олардың арасында асқазан қатерлі ісігін қоздыратын бактерияға (H. pylori) әсер ететіні бар.
"Мүкжидек бұл бактерияның белсенділігін тежейді", – деп атап өтті дәрігер.
Сонымен қатар Флорида университетінің Дерматология кафедрасының зерттеушілері мүкжидек шырыны терінің жасаруына ықпал ететінін анықтады. Ғалымдар алты апта ішінде еріктілерге мүкжидек сусынын беріп, тәжірибе жүргізді. Алғашқы нәтижелер адамдардың терісі тегіс бола түскенін көрсетті. 40 жастан асқан әйелдердің әжімі бұрынғыға қарағанда аса байқалмайтыны анықталған. Алайда сусын жас қатысушыларға бұлай әсер етпеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова