- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер қарттарды қатерлі...
Дәрігер қарттарды қатерлі ісік пен Альцгеймер ауруынан қорғайтын сусынды атады
Егде жастағы адамдарға кофе ішу пайдалы, өйткені ол когнитивті функцияны жақсартады және қатерлі ісік, Альцгеймер және Паркинсон ауруларының алдын алуға көмектеседі. Бұл туралы гериатр Надежда Рунихина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24" сілтеме жасап.
"Егде жастағы адамдар үшін кофеге қатысты маңызды шектеу жоқ. Оларға күнделікті бір-екі шыны кофе ішуге болады", - деді маман.
Алайда, маман кейбір жағдайларда қарт адамдарда, көбінесе әйелдер қауымында, кофе ішкеннен кейін тахикардия, мазасыздық, бұлшықет треморы және бас айналуы мүмкін екенін түсіндірді.
Надежда Рунихинаның айтуынша, мұндай әсер белгілі бір ағза үшін кофеиннің тым көп мөлшерінен туындайды. Егер ауру пайда болса, дәрігер тұтынылатын сусын мөлшерін азайтуға кеңес берді.
Тағы да оқи отырыңыздар: 15-17 ғасырларда мемлекет өмiрiнде Оңтүстiк Қазақстан қалаларының рөлi қандай еді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә