ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаменті Скринингтік бағдарламаларды талдау бөлімінің жетекшісі Гүлжан Конуршина қарбыздан уланудың алдын алу жолдарын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бақша дақылдары, әсіресе пестицидтермен емделген болса, бойына нитраттарды жинауға бейім болады. Егер құрамында осы заттектер көп қарбызды жесе, оның белгілері 4-6 сағаттан кейін біліне бастайды. Егер нитраттармен уланған кезде ешқандай шара қолданылмаса, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіру қаупі бар. Нитратпен улану белгілері: жүрек айну, диарея, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, буындардың әлсіреуі және ауыруынан ажыратуға болады.
Алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге жүгіну қажет!
Дәрігерлер келгенге дейін науқас энтеросорбенттерді (мысалы, белсендірілген көмір) қабылдап, көп мөлшерде су ішуі керек, сонымен қатар тыныштықты қамтамасыз етіп, оның жағдайын бақылау керек.
Егер улану белгілері жүкті әйелдерде, қарттарда немесе 12 жасқа дейінгі балаларда байқалса, бірден жедел жәрдем шақыру керек.
Өзіңді қарбыздан уланудан қалай қорғауға болады?
Өзіңді және жақындарыңды қарбыздан уланудан қорғау үшін келесі сақтық шаралары ұсынылады:
Қарбыздың құрамында нитрат бар-жоғын тексеру керек. Ол үшін оны жеудің алдында мәйегінен кесіп алып, бір стақан суға салып қою керек. Егер су лайланудың орнына қызғылт түске айналса, онда оның құрамында нитраттардың көп екенін білдіреді.
Жеміс сатып алғанда, қабығының бүтіндігіне назар аудару ұсынылады.
Қарбызды қайдан және қашан сатып алмаған жөн?
Сату нүктесі шатыр астында болуы керек, онда қарбыз мен қауын биіктігі кемінде 20 сантиметр болатын арнайы түпқоймаларда сақталуы керек. Жол бойында жидектер сатып алмаған жөн, өйткені жиналғаннан кейін қарбыз "дем алуды" жалғастырады, сондықтан ол автомобиль шығаратын газдарда кездесетін ауыр металдарды бойына тез жинайды.
Қарбыздан уланудың белгілері?
Қарбыздан улану әдеттегі тамақтан уланудан ерекшелігі аз. Егер улану химиялық заттардың болуына байланысты болып, өнім нитратты болып шықса, белгілер 2-3 сағаттан кейін біліне бастайды. Іштің ауыруы жиілейді. Инфекция тез таралып, аз уақыттан кейін іш өтіп, адам құса бастайды. Науқастың жағдайы нашарлайды. Әлсіздік пайда болып, қалтырап, (әдетте балаларда) дене қызуы көтеріледі. Вирустық ішек инфекциясы кезінде белгілер 5-6 сағаттан кейін пайда болады. Жағдай нитраттармен уланғандағыдай қауіпті болмайды. Балалар бұлай улануды ересектерге қарағанда ауыр қабылдайды.
Уланудың қалай алдын алуға болады?
Қарапайым тамақтан улану ықтималдығын болдырмау үшін кез келген жеміс-жидек сатып алған кезде келесі негізгі ережелерді сақтау керек:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!