- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер қант диабетімен...
Дәрігер қант диабетімен ауыратындар үшін қауіпті көкөністі атады
Картоп 1 және 2 типті қант диабетімен ауыратындар үшін ең қауіпті көкөніс. Бұл туралы диетолог Михаил Гинзбург "Москва 24" арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің сөзінше, бұл көкөністің гликемиялық индексі жоғары.
"1 типті қант диабетімен ауыратындар үшін картопты жеу аса қауіпті. Өйткені картоп сіңу үшін инсулинді қажет етеді. Ал 1 типті қант диабетінде инсулин жоқ. Сондықтан қант диабетінің декомпенсациясын тудыруы мүмкін", - деп ескертті дәрігер.
Диетолог картопта крахмал көп екенін де атап өтті.
"2 типті қант диабетімен ауыратын науқастарда картопты жегеннен кейін қандағы қант деңгейі күрт көтеріліп, қант диабетінің клиникасы ауырлайды", - деді Гинзбург.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова