- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер қандай тағам...
Дәрігер қандай тағам қатерлі ісікті тез дамытатынын айтты
Хирург, онколог Марк Гадзиян қандай тағам қатерлі ісіктің дамуына әкеп соғуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, рациондағы майлы, ащы және ысталған тағамдар қатерлі ісіктің себептерінің бірі саналады. Мысалы, бүйрек қатерлі ісігі.
Сонымен қатар, сарапшы мұндай өнімдердің миға зиян әсері барын да жеткізді. Майлы картоп артерияларды бітейді. Дәрігер ол мидың жұмысын әлсіретіп, тіпті Альцгеймер ауруына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.
Марк Гадзиян мұндай өнімдердің жағымсыз әсерін азайту үшін қуырылған тағамдарды көкөністермен толықтыруға кеңес береді.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар қатерлі ісік жасушаларымен күресетін дәмдеуішті анықтағаны туралы жазған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова