Дәрігер қандай адамдарға ет жеуге болмайтынын айтты

Дәрігер қандай адамдарға ет жеуге болмайтынын айтты
Фото: depositphotos.com

Люберцы облыстық ауруханасының гастроэнтерологы Светлана Ильяшенко кей адамдар үшін қызыл еттің зиян екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Ильяшенко подаграмен (тұз байлану - еск.) ауыратындарды қызыл еттен мүлдем бас тартуға шақырды. Бұл аурумен ауыратын науқастар үшін етті күнделікті диетаға қосуға болатын тауық, күркетауық немесе балық сияқты ақ тағамдармен алмастырған дұрыс деп кеңес берді дәрігер.

Сондай-ақ гастроэнтеролог тіпті сау адам да етті аптасына бір-екі реттен көп жемеу керектігін атап өтті.

"Десе де қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда бұл өнімнен толығымен бас тартуға болмайды, өйткені оның құрамында темір және В дәрумендері сияқты денсаулық үшін маңызды заттар да бар", - деп түйіндеді Ильяшенко.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Литпин