Әлем бойынша 1 миллиард 28 миллион ересек адам гипертония немесе жоғары қан қысымынан зардап шегеді. Бұл ауруға шалдыққан адам санына байланысты көпшілік аузында жүрген әңгіме де көп. Мысалы кейбіреулер қан қысымын қайта-қайта өлшеп тұру керек деп айтып жатады. Бұл қаншалық дұрыс? Дәрігер Александр Мясников қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, қан қысымын қайталап өлшей беру жағдайды тек қиындатады.
"Әр жарты сағат сайын қан қысымды өлшеу жақсылыққа әкелмейді. Сондай-ақ, қан қысымын кем дегенде екі рет өлшеу керек, себебі біріншісінде сіз қобалжып, қателесуіңіз мүмкін", - деді ол.
Сонымен қатар, қан қысымыңызды басыңыздың ауырғанына қарап бағаламаңыз.
"Негізінен жоғары қан қысымының белгісі жоқ, әрине, бас ауырып, айналуы мүмкін, бірақ ол қан қысымымен әрдайым сәйкес келе бермейді", - дейді маман.
Оған қоса, Александр Мясников электронды тонометрды қолданудан қорықпау керегін жеткізді.
Гипертониядан зардап шегетін адамдарға тұзды аз мөлшерде тұтынған жөн, ал егер мүлде бас тарта алмасаңыз, күніне 3 граммнан артық жемеңіз. 10 күн бойы тұз жемесеңіз қан қысымыңыз үнемі бірқалыпта тұруы әбден мүмкін.
Гипертонияға қарсы дәрі тамызғыш қабылдауға бола ма?
"Гипертонияны емдеу үшін дәрі-дәрмекті дұрыс мөлшер мен уақытта қабылдау керек, бұдан бөлек ішетін дәрі түрінен де шатаспау керек. Ал дәрі тамшыларын қабылдау мүлде дұрыс емес", - деп түсіндірді дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін қан қысымын түсіру үшін қандай жаттығу жасаған абзал екені хабарланған болатын.
Қан қысымы жоғары адамдарға үйде отырып жасауға ыңғайлы ең тиімді дене жаттығу – ол созылу мен керілу. Яғни, денені созу. Мұндай жаттығуға көп уақыт кетпейді әрі кино көріп отырып-ақ жасауға болады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Өлшемі 30*10*10 см қалайы білеушіннің массасы 21,9-ға тең. Қалайының тығыздығы неге тең?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!