Картоптың құрамында көп мөлшерде калий бар, ол қан қысымы жоғары адамдар үшін пайдалы. Диетолог Наталья Денисова aif.ru сайтына берген сұхбатында гипертониялық науқастарға арналған тамаша өнімді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі health.mail.ru-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, картоп жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтуға көмектеседі, өйткені оның құрамындағы калий қан қысымын төмендетеді. Сонымен қатар, картоп жұмсақ диуретик.
100 грамм картопта күнделікті калийдің 23 пайызы бар.
"Картоп В, РР және С дәрумендері, кальций, фосфор және темірге де бай. Пісіру кезінде картопта максималды қоректік заттарды сақтау үшін оны қабығында пісіру немесе қайнату керек", - деп атап өтті маман.
Диетолог қайнатылған картоптың калориясы төмен екенін айтты. Оның 100 граммында тек 76 калория бар.
"Картоптың кемшіліктері қандағы қант деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін жоғары гликемиялық индексті қамтиды. Сондықтан қант диабетімен ауыратындар үшін картопты артық пайдаланбаған дұрыс", - деп сөзін түйіндеді Денисова.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!