- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер қалқанша безінің...
Дәрігер қалқанша безінің қызметіне пайдалы тағамдарды атады
Қалқанша безінің саулығы үшін селен, йод және тирозин амин қышқылы қажет. Осы микроэлементтері бар қолжетімді өнімдерді эндокринолог Наталья Тананакина атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лента.руға" сілтеме жасап.
Қалқанша безді қорғау үшін теңіз балықтарын (майшабақ, треска, скумбрия, ақсерке), теңіз өнімдері мен балдырларды үнемі тұтыну керек. Оларда тирозин, йод және селеннен басқа фосфор, кальций және D дәрумені, сондай-ақ әр ағзаға қажет омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары бар.
"Қалқанша безінің саулығын қолдауға сарымсақ та көмектеседі. Ол ағзаны үш негізгі микроэлементтермен, сондай-ақ В дәрумендерімен және фосформен байытады. Сарымсақ жаңа піскен болуы керек", - деп түсіндірді эндокринолог.
Сондай-ақ, диетаны пияз және асжапырақпен (шпинат) түрлендіру керек. Бұл тағамдар иммунитетті нығайтып қана қоймай, сонымен қатар күшті антиоксидант ретінде әсер етеді, өйткені олардың құрамында фосфор, мырыш, натрий, марганец бар.
Қалқанша безінің ауруларының алдын алу үшін құрма мен фейхоаны көбірек тұтынған жөн. Құрамында йод бар бұл жемістер темірге, натрийге және магнийге, А, С, Р дәрумендеріне бай.
Наталья Тананакина қантты, майлы және қуырылған тағамдарды, глютенді және өңделген фастфудты азайтуды ұсынды. Мұндай өнімдерде қант, тағамдық қоспалар, тұз көп мөлшерде болады. Дұрыс тамақтанбау семіздікті тудырады, салдарынан өз кезегінде қант диабетімен гормоналды жүйенің жұмысы бұзылады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Декларация тапсырғанда қандай мүлікті көрсету керек?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә