Варикоз тек аяқтың ауырлап, ауырсынуы емес. Варикоз кезінде қан ағымы бұзылады, тамырлар кеңейіп, тамыр қабырғаларының серпімділігі төмендейді. Осыған байланысты флеболог Борис Копылов варикоздың алдын алуға көмектесетін әдістерді тізімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru" сілтеме жасап.
Дәрігер егер варикоздың алдын алуға немесе алғашқы белгілерін байқаған кезде, уақытылы емдеуге тырыспаса, ол асқынып, қоректік бұзылу, тромбоз немесе тромбофлебит, варикозды тамырлар қанауының дамуына әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.
Варикозды емдеудің негізгі көрсеткіші - тромбоздың алдын алу. Борис Копылов варикоздың дамуына жол бермеу үшін компрессиялық трикотаж киюге кеңес берді, бұл оның асқыну қаупін азайтып, ауырсынуды басады.
Сонымен қатар, дәрігердің айтуынша, дене қалпын жиі өзгертіп тұру қажет. Яғни ұзақ уақыт бойы бір орында тұруға не отыруға болмайды. Отырған не жатқан қалыпты сағатына бір рет өзгерткен дұрыс, 5-10 минут сайын қозғалу пайдалырақ. Ыңғайлы аяқ киім немесе кішкентай өкшелі аяқ киім киіп, душ қабылдаған жөн: ол көктамыр қабырғасының тонусын қалыпқа келтіреді.
Флеболог күніне бірнеше сағат жаяу жүруге немесе таңертең немесе кешке жүгіруге кеңес берді. Аптасына физикалық белсенділіктің ұзақтығы кем дегенде 150-300 минут болуы керек. Аурудың көрінетін белгілері болмаса да, жылына бір рет флебологқа барудың зияны жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін варикозды халықтық әдіспен емдеуге болатыны қаншалық рас екені хабарланған болатын.
"Интернетте варикозды аралармен, сүліктермен, алма сірке суымен және балшық ванналарымен емдеуге болатын рецептілер бар. Бұл әдістердің барлығы жағдайды қиындатып, орны толмас салдарға әкелуі ықтимал. Денсаулық мәселелерінде блогерлердің сөзіне сенбеген жөн. Халықтық ем-домның қарсы көрсетілімдері болмаса да, дәрігердің кеңесі қажет. Пияз, сарымсақ, бал және сары май қоспасы варикозды толығымен емдейтіні ғылыми тұрғылан дәлелденбеген", - деп жазылған басылым мәліметінде.
тағы да оқи отырыңыздар: Су тасқыны қай облыстарда болып жатыр?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!