- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер қаладағы кептерлерді...
Дәрігер қаладағы кептерлерді ұстау қауіпті екенін ескертті
Үлкен қалаларда кептерлерді жиі кездестіруге болады. Адамдар саябақтарда осы құстарды бақылап, оларға қолмен тамақ бергенді жақсы көреді. Көбіне балалары бар аналар кептерлер көп жиналатын жерлерге келеді. Бірақ құстарды ұстау қауіпсіз бе? Инфекционист Светлана Котив кептерлерден не үшін аулақ болу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Көгершіндер ондаған аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Олардың бірі адамдар үшін қауіпті, пситаци хламидия – орнитоздың қоздырғышы.
"Бұл қызбамен, өкпенің және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын жедел инфекция. Көгершіндер хламидияны нәжіспен бірге шығарады. Нәтижесінде, бактериялары бар микроскопиялық бөлшектер тыныс алу кезінде ағзаға шаңмен бірге кіруі мүмкін", – деп түсіндірді маман.
Көбінесе пситаци хламидия құстардың аяқтары мен тұмсықтарында қалады. Тығыз байланыста олар адамға оңай беріледі.
"Оған қоса пситаци хламидия сыртқы ортаға төзімді және 2-3 аптаға дейін сақталуы мүмкін", – деп ескертті инфекционист.
Орнитоздың белгілері негізінен респираторлық болып келеді, бірақ айырмашылық та болуы мүмкін. Бастапқыда инфекция көбінесе қызба, қалтырау, бас ауруы және жөтелмен сипатталатын тұмауға ұқсас синдром ретінде көрінеді.
Аурудың белгілері әдетте кенеттен пайда болады. Олардың ішінде айқын көрінетін блегілер:
- бас ауруы;
- қалтырау;
- бұлшық еттердің ауруы;
- жүрек айну;
- құсу;
- іш өту;
- жөтел.
Орнитоздың басқа құжатталған белгілеріне психикалық жағдайдың өзгеруі, мойынның ауруы, жарықтан қорқу, гепатоспленомегалия (көк бауыр мен бауырдың бір мезгілде ұлғаюы) және фарингит жатады.
Өзіңізді және балаларды инфекциялардан қорғау үшін мамандар құстардан кем дегенде 1,5 метр қашықтықта болуға, сондай-ақ оларды қолмен тамақтандырмауға кеңес береді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова