- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер жүрегі ауыратын...
Дәрігер жүрегі ауыратын адамдарға кофенің рұқсат етілген дозасын айтты
Жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға кофені диетадан толығымен алып тастаудың қажеті жоқ. Бұл туралы кардиолог Асият Хачирова Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, сау адам күніне 400 миллиграммға дейін эспрессо, яғни төрт-бес кесе кофе ішуге болады. Дегенмен, жүрек-қан тамырлары аурулары бар немесе кофеинге төзбейтін адамдар абай болу керек. Олар рұқсат етілген арнайы дозадан аспауы тиіс. Оны анықтаудың әдістері де өте оңай. Егер тағы бір шыны кофе ішкеннен кейін мазасыздану, тремор, жүрек қағу, жүрек айну, яғни объективті түрде өзіңізді нашар сезінсеңіз, кофені ішуді доғару керек.
Хачирова кофені үнемі ішкен кезде қан қысымын бақылау маңызды екенін түсіндірді.
"Егер бір кесе эспрессо ішкеннен кейін сіздің қан қысымыңыз көтерілсе, бұл туралы дәрігермен кеңесу қажет. Өйткені мұндай жағдай гипертонияның дамуының басталуын көрсетуі мүмкін. Дегенмен бұл жағдайда да қуаттандыратын сусыннан толығымен бас тартудың қажеті жоқ. Мен оған сенімдімін. Ең дұрыс шешім кардиолог сізге сәйкес терапияны таңдап бергені абзал", - дейді Асият Хачирова
Күні бойы бірнеше шыны кофесіз жүре алмайтындар үшін кардиолог кофеинсіз кофе мен цикорийге назар аударуға кеңес берді. Оның айтуынша, дәмі кофеге ұқсас бұл сусындар жоғары ынталандырушы әсерге ие емес.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Зинешов