Терапевт, эндоскопист Нино Джавахия жастар арасындағы инсульт туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, жастардағы инсульттің ең басты себебі - тұқымқуалаушылық. Егер жақын туыстарда, әсіресе ана жағынан, инфаркт, гипертония, аритмия және жүрек-қантамыр жүйесінің басқа да аурулары анықталған болса, инсульт қаупі жоғарылай түседі.
Инсульттің жас кезде пайда болуына әсер ететін екінші негізгі себеп - қимыл-қозғалыстың аздығы.
"Отырып жұміс істеу немесе аз қимылдау қан айналымының бұзылуына әкеледі, әсіресе аяқ-қолда. Соның салдарынан тромб түзілу қаупі айтарлықтай артады, ал тромб қан айналымы арқылы миға жетуі мүмкін", - деп түсіндірді маман.
Сондай-ақ, инсульт қаупін зиянды әдеттер күшейтеді: темекі шегу, энергетикалық сусындарды шектен тыс тұтыну, алкоголь, есірткі және кейбір фармакологиялық препараттарды қолдану.
Дәрігердің сөзінше, жүрек-қантамыр жүйесі үшін семіздік пен қант диабеті де өте қауіпті. Бұл көбіне дұрыс емес тамақтанудың салдарынан туындайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz