Гастроэнтеролог әрі диетолог Виктория Гончар жаңа жылдық дастарқан мәзіріне аса көңіл бөлуді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, мерекелік мәзірдегі денсаулыққа ең үлкен қауіп - дәстүрлі салаттар. Өйткені онда көп мөлшерде майонез бар. Дүкенде сатылатын майонез түрлерінің құрамында қан тамырларына зиян трансмайлар, тұз және консервант көп болады. Зиянын азайту үшін диетолог майонезді жеңілірек баламаларға - қаймаққа немесе грек йогуртына ауыстыруды ұсынды.
Гончардың екінші кеңесі - балық, құс еті немесе еттен дайындалған ыстық тағамды көмірсуға бай гарнирмен, әсіресе картоппен қоспау.
"Крахмалы көп көкөністерді ақуызбен бірге жеу зиян, әсіресе мұндай тағамдар салаттардан, қақталған өнімдерден, ет тілімдерінен және басқа да тіскебасарлардан кейін берілсе зияны артады. Ыстық тағамның қасына жеңіл нәрсе таңдаған дұрыс: жасыл салат, пеште пісірілген немесе жаңа піскен көкөністер", - деп кеңес берді дәрігер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!