Ресейлік гастроэнтеролог, диетолог Нурия Дианова фаст-фуд тұтынудан арылу үшін оған дұрыс балама табу керегін айтады, - деп хабарлайды Ura.ru сайты.
"Тәуелділіктен құтылу үшін фаст-фудтың балама түрлерін тауып, өзіңізді дұрыс тамақтандыруды бастаңыз. Мысалы, фри картобынан бас тарту үшін оны үйде пеште пісіруді бастау керек немесе пісірілген картоп сатып алу маңызды. Қуырылған емес, пісірілген, яғни терең майсыз пісірілген. Сіз өміріңізден фаст-фудты алып тастап қана қоймай, оның орнына пайдалы балама табуыңыз қажет. Яғни тағамға шөптерді, салаттарды, жемістерді, көкөніс гарнирлерін қосуды ұмытпаңыз", - деп түсіндірді Нурия Дианова.
Дәрігердің айтуынша, фри картобы фаст-фудтың ең зиян түрі.
"Фри картобы майы көп, ең жоғары калориялы тағамдардың бірі, бүйрекке зиян компонент", - деді диетолог.
Дианова фаст-фуд тек тәуелділік туғызбай, сонымен қатар, денсаулықтың ауыр проблемаларына әкелетінін еске салды.
"Безеу сияқты тері ауруларымен ауыратындардың беті фаст-фуд жегеннен кейін одан әрі нашарлайды. Себебі, артық қант пен май кері әсерін береді. Фаст-фуд жеудің тағы бір жиі кездесетін салдары - салмақ қосу, панкреатит, холецистит, асқынған немесе бастапқы асқазан аурулары", - деп түйіндеді дәрігер.