Тар немесе белді қысып тұратын шалбар немесе іш киім киіп, көлік жүргізетін ер адамдар өзінің репродуктивті денсаулығына үлкен зиян тигізеді. Бұл туралы уролог Андрей Лычагин ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" сілтеме жасап.
"Тар, белді қысып тұратын киім ер адамның репродуктивті денсаулығына үлкен зиян тигізуі мүмкін. Бұл жағынан ең қауіпті - тар джинс, шалбар және іш киім. Егер киім синтетикадан жасалған болса, бұл жылуды реттеудің бұзылуына әкеп соқтырады. Шап аймағындағы температураның жоғарылауы, тіпті шамалы болса да, сперматогенезді, яғни шәует өндірісін нашарлатады", - деп түсіндірді дәрігер.
Сонымен қатар, уролог ұзақ уақыт бойы бір жерде отыратын көлік жүргізушілерде ыңғайсыз киім кию арқылы репродуктивті денсаулыққа қауіп төнетінін айтты.
"Тар киім киіп, ұзақ уақыт көлік жүргізетін ер адамдар тәуекел аймағында. Жылуды реттеудің бұзылуынан басқа, жамбас аймағында қанмен қамтамасыз ету тоқырап, салдарынан көлік жүргізушісі белсіздікке шалдығады", - деп ескертті дәрігер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Аналас деген кім?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!