Дәрігер ең пайдалы жемісті атады

Дәрігер ең пайдалы жемісті атады
Фото: depositphotos.com

Кардиолог Аурелио Рохас ең пайдалы жеміс ретінде кивиді атады, өйткені оның қорек құндылығы алма, көкжидек, авокадо мен бананнан жоғары. Бұл туралы ABC басылымы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рохастың айтуынша, кивиді асқазан-ішек жолында мәселелері бар адамдар міндетті түрде тұтынуы керек, себебі ол ас қорытуды жақсартатын талшыққа бай. Сондай-ақ бұл жемістің гликемиялық индексі төмен. Бұл оның қандағы қант деңгейін реттеуге және инсулиннің күрт көтерілуінің алдын алуға көмектесетінін білдіреді, деп атап өтті дәрігер.

Сонымен қатар, кивиде С және Е дәрумендері көп мөлшерде бар. «Олар — күшті антиоксиданттар мен қабынуға қарсы заттар, артерияларда холестерин түйіндерінің пайда болуына жол бермейді», — деп түсіндірді Рохас.

Оның айтуынша, кивидің басқа да пайдалы қасиеттеріне иммундық жүйені нығайту және ағзадағы май мөлшерін азайту жатады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget