Дәрігер бел ауруынан құтылудың тиімді жолдарын айтып берді

Дәрігер бел ауруынан құтылудың тиімді жолдарын айтып берді
Фото: depositphotos.com

Нейрохирург Станислав Тимонин бел ауруынан құтылудың тиімді жолдарын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" басылымына сілтеме жасап. 

Тимониннің айтуынша, көп жағдайда бел ауруын дәрігерлердің көмегінсіз-ақ емдеуге болады. Ол үшін кейбір әдеттерді өзгерту керек.

"Біріншіден, жұмыс орнын өзіңізге ыңғайлап баптаңыз: монитор көз деңгейінде болуы керек. Арқаңыз орындықтың арқалығына тиіп тұрсын, беліңіз "ілініп" тұрмасын. Аяқтарыңыз орындықтың астына бүгіліп емес, еденге тиіп тұруға тиіс. Иық бос, шынтақ шамамен тік бұрыш жасап тұрғаны дұрыс", - деп нұсқау берді дәрігер.

Сонымен қатар, ол әрбір 30–40 минут сайын жұмысты 1–2 минутқа бөліп, қимылдап тұруды ұсынды. Оның сөзінше, аздап жүріп келуге, созылуға немесе иықты сәл жаттықтыруға болады. Сондай-ақ, дәрігер күніне бір-екі рет қысқа жаттығу жасауды, ал аптасына екі-үш рет йогаға, пилатеске баруды немесе бассейнге түсуді кеңес етті.

Нейрохирург бел ауыруын жеңілдету үшін дұрыс ұйықтау керек, гаджеттерден демалу, түнде жұмыс істемеу және күйзелісті бақылауда ұстау маңызды екенін атап өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget