- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер бауырда артық...
Дәрігер бауырда артық майдың жиналуына әкеп соқтыратын қауіпті факторларды атады
Дәрігер Мясников Telegram арнасында "майлы гепатоз" немесе бауырда жиналған артық майдың адам өміріне тигізер қаупі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алкогольді шамадан тыс тұтыну, артық салмақ, қандағы қанттың жоғары деңгейі, отырықшы өмір салты бауырда артық майдың жиналу қаупін арттырады. Мясниковтың айтуынша, бауыр циррозы зиян сусын ішкенннен ғана емес, зиян тағам жегеннен де пайда болуы мүмкін.
Бұл патологияға көбінесе 40-50 жастан асқан, семіздіктен зардап шегетін, холестерин деңгейі жоғары, қант диабеті, тұрақты гипертония, инсулинге сезімталдық белгілері бар адамдар шалдығады.
Адамның бауырында артық май жиналғанын бауыр аймағындағы ауырлық сезімі, тәбеттің төмендеуі және ауыздағы ащы дәм, тері мен көздің сарғаюы, дене температурасының жоғарылауы, жалпы әл-ауқаттың нашарлауы сияқты белгілер көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін бауырдағы артық майды қалай кетіруге болатыны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең алғашқы компьютерлік ойын қандай болған?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә