- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер балық пен...
Дәрігер балық пен еттің балғындығын қалай анықтауға болатынын айтты
Мұздатылған балық пен еттің балғындығын анықтау қиын болуы мүмкін, өйткені олардан әдетте иіс шықпайды. Бұл туралы жұқпалы аурулар дәрігері Виктория Лазарюк айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "RuNews24" сілтеме жасап.
"Мұздатылған балықтар мен еттің балғындығын келесі жолдармен тексеруге болады. Оларды алдын ала қыздырылған пышақпен тесу керек. Егер кескен кезде жағымсыз иіс шықса, өнім жарамсыз деген сөз. Сондай-ақ, еріген балықты алақанға қоюға болады. Егер бас пен құйрық салбырап қалса, шірік процесі басталған. Мұндай сынақ "акробат сынағы" деп аталады", - деп атап өтті сарапшы.
Оның айтуынша, бұзылған мұздатылған тағамдарды жеу қауіпті, әсіресе олар бір рет ерітіліп, қайта мұздатылған болса. Осыған байланысты балықта аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін улы гистамин заты жиналады.
Сонымен қатар, ерітілген балық пен етте зиянды микроорганизмдер бірден көбейе бастайды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда жылына қанша бала жоғалады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә