- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер балаларға қандай...
Дәрігер балаларға қандай бөлме өсімдіктері қауіп төндіретінін айтты
Балалар аллергологы Екатерина Коротеева Parents порталына бала үшін қауіпсіз ортаны қалай жасау керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қандай өсімдіктер пайдалы?
Балалар бөлмесін көгалдандыру үшін және безендіру үшін ауаны улы заттардан (формальдегид, бензол, аммиак, ксилол, трихлорэтилен және т.б) тазартатын өсімдіктер алуға болады. Мұндай зиянды заттар жиһазда, қабырға және еден беттерінде, тазартушы құралдарда және косметикада болуы мүмкін. Егер оның шоғыры көп болса және ұзақ әсерлессе, олар тіпті онкологияның пайда болуына әкелуі мүмкін.
Сондықтан ауаны тазартатын мына өсімдіктерге мән беріңіз:
- хлорофитум;
- қасқыржем (аспарагус);
- эпипремнум;
- сансевиерия.
Сондай-ақ жиі ауыратын балаларға мына өсімдіктер көмектеседі:
- сауырағаш (кипарисовик);
- гүлшетен (розмаринбөрітарақ (гибискус);
- лимон ағашы;
- мирт;
- эвкалипт;
- кішкентай анар ағашы.
Олар ауаны микробтардан тазартады және иммунитеттің артуына ықпал етеді.
Демікпемен қиналатын балалардың бөлмесіне өсімдікті мұқият таңдау керек. Олардың бөлмесіне түнде оттек жұтатын және қатты хош иісі бар өсімдіктерді қоюға болмайды. Мысалы, бөлме лалагүлі және қырыққұлақ (папоротник).
Қандай өсімдіктер қауіпті?
Қауіпті бөлме өсімдіктері де бар. Үйде улы және аллергиялық реакция беретін өсімдіктерді ұстау ұсынылмайды.
Улы өсімдіктер
Кей өсімдіктердің сабағы мен жапырақтарында улы шырын болады. Ол оның бетіне шығуы да мүмкін. Бала қызығып, оның дәмін көрсе, уланып қалуы әбден мүмкін. Ал егер сұйықтық бала терісіне тиіп кетсе, күйіп қалуы мүмкін. Мұндай өсімдіктерге алоказия, олеандр, пуансеттия, сүттіген, каланхоэ, примула, брунфельсия, алоэ, монстера, цикламен, глориоза, адениум, аглаонема, броваллия, кливия, кротон жатады. Ең улы өсімдіктерге диффенбахия, амариллис белладонна, плющ, пуансеттия, плюмерия, замиокулькас, пахиподиум, антуриум жатады.
Аллергия беретін өсімдіктер
Орхидея, гардения, гортензия, қазтамақ (герань), раушан, олеандр, азалия - бұл өсімдіктердің өткір иісі бас ауруын, ұйқы бұзылуын және аллергияны ынталандыруы мүмкін. Шегіргүл (фиалка) шаңға аллергиясы бар адамдарға қауіпті, себебі оның жапырақтары шаңды көп жинайды.
Зақымдайтын өсімдіктер
Тікнектері бар өсімдіктерден аулақ болған жөн. Мысалы: кактус, раушан, пахиподиум. Сондай-ақ драцена мен юкканың қатты және үшкір жапырақтары баланың қолын зақымдауы мүмкін.
Қорқытатын өсімдіктер
Жапырақтары өте үлкен бөлме өсімдіктері бала қиялында құбыжық секілді көрінуі мүмкін. Әсіресе, кешке немесе түнде жарық аз түскен кезде оның көлеңкесі баланы қорқытуы мүмкін. Мысалы: пальманың кей түрлері, замиокулькас, ливистон.
Бөлме гүлдерінің жапырақтары неге қараяды?
А. Жапатова