Балаларға жиі вирусты сүйелдер шығып кетеді. Сүйелді алдырып тастау керек пе? Одан қалай арылу керек? Бұл сұрақтарға "Газета.Ru"-ге венеролог Камилла Наджафова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, сүйел адамнан адамға жұғады. Бала оны басқа біреуге жұқтыруы мүмкін. Сондай-ақ ол ұзақ уақыт бойы зақымдалған болса, қауіпті жаңа түзілімге айналуы мүмкін. Сондықтан сүйелден арылу керек.
Бірақ оны өз бетінше жоюға болмайды. Себебі оны қоршаған тіндерді зақымдап алуыңыз немесе инфекция кіргізіп алуыңыз мүмкін. Оған қоса, вирусты таратып, ауруды ушықтырып алуыңыз мүмкін. Оның орнына мамандарға көрініп, тексерістен өту керек.
"Емдеудің бір әдісі - элементтердің жойылуы, яғни ошақтағы концентрацияланған вирустың жойылуы. Сүйел қайта-қайта шыға берсе, емге аллерголог-иммунологтар қосылады. Себебі вирустармен күресу үшін науқастың иммунитеті әлсіз болуы мүмкін", - деді Наджафова.
Дәрігер науқастың жасына, сүйелдің шыққан жеріне және аурудың ұзақтығына қарай таңдалатын емнің физикалық және химиялық әдістері бар екенін айтты.
Оқи отырыңыз: "Бұл сүйел емес": Папиллома деген не және оны қалай емдеу керек?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!