Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында бақытты болудың маңызды ережелерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, бақытты өмір сүру үшін деніңіз сау болу керек. Ал ол үшін мына ережелерді сақтау маңызды:
1-ереже: өзіңді құрметтеу
Тәніңіз – сый-құрметке әбден лайық! Сол үшін мына нәрселерге мән беріңіз:
- Қажетті нутриенттер қабылдаңыз;
- Пайдалы, сапалы тағам жеңіз;
- Ұйқыңызды қандырыңыз (22:00-де жатып, таңертең 6:00-7:00-де тұрыңыз);
- Спортпен айналысу маңызды.
2-ереже: өзіңе күтім жасау
Көбі тәнді энергияның таусылмас көзі деп ойлайды. Егер ағзаға күтім жасамаса, ресурс қартаймай жатып таусылып қалуы мүмкін.
Міндетті түрде мына нәрселерді жасаңыз:
- Жылына бір рет медициналық тексерістен өтіп тұру;
- Ақыл-ой, ми саулығы үшін өзіңізге демалыс беру;
- Дәрумендер жетіспеушілігін болдырмас үшін нутрицевтиктер қабылдау;
- Ауырғанда шыдап жата бермей дәрігерге көріну.
3-ереже: өзіңді жақсы көру
- Әртүрлі аурудан қиналмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңыз;
- Ағзаға түсетін әрбір асты саналы түрде таңдаңыз;
- Депрессиядан, жүрек-қан тамырлы және аутоиммунды аурулардан қорғану үшін өзіңізді күтіңіз;
- Ағзаның қажеттілігін тани алуыңыз керек.
4-ереже: өзіңе қымбат дүние ретінде қарау
Денсаулықты сақтаңыз:
- Темекі шегіп, арақ ішпеңіз;
- Өнімді таңдар кезде қаптамасын мұқият оқып барып сатып алыңыз;
- Ыдыс пен тұрмыстық құралдар сапалы болсын;
- Фастфуд және құрамында трансмайлар бар тағамнан бас тартыңыз.