- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігер әйелдердің аяғынан...
Дәрігер әйелдердің аяғынан неліктен жағымсыз иіс шығатынын түсіндірді
Тер, бактерия және кейде саңырауқұлақ адамның жынысына қарамастан аяқта жағымсыз иісі тудырады, бірақ әйелдердің бұл мәселеге жиі тап болуының өзіндік себептері бар. Мысалы, әйелдер жыныстық жетілу, етеккір үзілісі және жүктілік кезеңдері секілді ағзадағы гормоналды өзгерістерге байланысты жиі терлейді. Бұл туралы дәрігер Джессика Миллиман айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "NY Post" сілтеме жасап.
Аяқта жағымсыз иіс пайда болуының тағы бір жасырын себебі - диета. Шіріген жұмыртқаның иісіне ұқсайтын иіс құрамында күкірт қосылыстары бар тағамдарды тұтынғанда шығуы мүмкін. Оған қоса, брокколи және гүлді қырыққабат та тура осылай әсер етеді.
Сонымен қатар, мұндай иіс адамдардың шамамен 10-15 пайызында табиғи себептерге байланысты пайда болуы мүмкін. Яғни күкірт қосылыстарын шығаратын арнайы бактерияның көбеюіне қолайлы ағзаның ерекшеліктеріне байланысты.
Барлық адам терлейді, бірақ иіс сіз үшін ыңғайсыздық тудырып, мәселеге айналса, мамандар бактерияға қарсы сабынды үнемі қолдануды кеңес береді, содан кейін қажет болған жағдайда дәріхана препараттарын қолданыңыз.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең кең таралған және ең сирек кездесетін қан топтары қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә